Балалар күнделігінің жаршысы

Қоғамдағы күнделікті тынымсыз қозғалыстарды әркім әрқалай қабылдайды. Сәт сайын болып жатқан оқиғалар біреуге ерекше әсер етсе, енді біреу қалыпты жағдай секілді мән бермейді. Ал, қалам ұстаған шығармашыл кісілердің қоғамның қым-қуыт көріністерін қабылдауы бөлек. Сондай еңбекқор жанның бірі – балалар жазушысы Марат Құлибаев.

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Жазушымен бір күн» жобасы аясында өткен «Балалар күнделігінің жаршысы» атты кездесуге Мараттың шығармашылығын жақсы білетін өңірімізге танымал қаламгерлер және студенттер жиналды.

Іс-шараны Ақпарат саласының үздігі Ерман Әбдиев жүргізіп отырды. Кездесуде қонақтар арасында алғаш сөз алған жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы рухани жиынның себепшісі Мараттың шығармашылығы жайлы кеңінен көсілді. Ол: «Марат ең алдымен жауапкершілікті сезінетін, айналаға шығармашылық көзбен қарай алатын, балалар өмірін жақсы білетін қаламгер. Сондықтан да шығармалары шынайы. Қаламының қуаты бар. Марат менің рухани інім, қаламдас шәкіртім», – деп жоғары бағасын берді.

Мұнан соң сөз алған қаламгер Қамар Қарасаева да жазушы шығармасындағы көркемдік пен тазалық туралы әсерлі әңгімелеп, «Қолқанат», «Табыстырған төбелес», «Ата аманаты» атты әңгімелерін талдап өтті.

Балалар әлемінің бағбаны Марат Құлибайұлы өз кезегінде жазушылық жолға қалай түскені, қандай оқиғалар әсер еткені туралы ой толғады. «Балалар әлемін түсінбей, шығарма жазу мүмкін емес. Мен де оқушы атанып, студенттік жолдан өтіп, 13 жыл мектепте ұстаз болдым. Балалар әлемін зерделеуім осы кезден басталды. Алғашқы әңгімем аудандық газетке басылғанда ерекше қуандым. 25 жаста едім. Көп ұзамай республикалық «Балдырған» балалар журналына әңгімелерім шыға бастады. Мектеп оқулығына енді. Оның барлығы ізденістің, балалар әлемін жақсы білуімнің арқасы», – деді ол. Сонымен қатар, ол өзінің «Көк серке», «Тұмар» атты әңгімелерінің қандай әсермен жазылғаны туралы оқырмандарға қызықты баяндап берді.

Студент жастар да бірқатар сұрақтар қойып, жазушының әңгімелерінен әсер алды.

Мараттың мөлдір әңгімелері балаларды руханият әлеміне жетелей беретіні анық.

«АҚ ЖОЛ»