Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері бақша отырғызып, алғашқы өнімін жинады
Карантинге байланысты биыл балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері үшін жазғы демалыс орталық қабырғасында ұйымдастырылды. Бірақ балалар қызықсыз және бірқалыпты уақыт өткізген жоқ. Керісінше, олар денсаулығын нығайтып, ересек өмірде де керек болатын пайдалы дағдыларды игерді. Биыл алғаш рет Орталықтың іргелес аумағында шағын көкөніс бақшасы отырғызылып, түрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жазда балаларды еңбекке баулуға, көкөніс өсіруге жағдай жасалды. Балалар сәбіз, қызылша, шалғам және пиязды өздері өсірді. Сондай-ақ тамыр алып, келесі жылы алғашқы жемісін беретін құлпынай отырғызды. Әртүрлі тағамдар пісіріп, шеберлік сабақтарына қатысу балалардың сүйікті ойын-сауығына айналды.
Орталықтың аспаздары мен тәрбиешілері балаларға дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениеті, түрлі тағамдар дайындау бойынша әртүрлі шеберлік сабақтарын өткізді. Челлендждер мен серуендер ұйымдастырды. Денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, белсенді демалу жағдайында балаларды әртүрлі қызмет түрлерімен таныстыру мақсатында таңертеңгілік жаттығулар, спорттық ойындар, эстафеталар арқылы балалардың спортқа қабілеттерін дамыту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар демалыс уақытында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жалғасты. Бұл әр балаға өзінің сүйікті ісімен айналысуға, өзінің талантын көрсетуге, жаңа дағдылар мен қабілеттерді игеруге мүмкіндік берді. Ең бастысы, шаралар аясында барлық жастағы балалар қамтылды. Қосымша білім беру мұғалімдері қолөнер, киім үлгілерін тігу және тігін, коллаждар мен буклеттер жасау, суреттер салу және т.б. бойынша Орталық оқушыларымен жұмыс жасады. Жазда өткізілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде, Инстаграм мен Фейсбукте ерекше назар аударды. Мысалы, бала, оның мүдделері, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып әртүрлі білім беру, шығармашылық, спорттық, ойын-сауық бағдарламалары, отбасылық мерекелер, туған күндер өткізілді. Тұрақты негізде аумақты абаттандыру бойынша «Таза аула», «Еңбек десанты» атты акциялар өтті. Жазғы демалыста балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту және бос уақытын тиімді ұйымдастырудың бұл тәсілі оларды демалыстың барлық түрлерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.