{:kk}БАЛАЛАРДЫҢ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАН КҮН{:}{:ru}ПРАЗДНИК ДЕТСТВА С ЭКО «БЫЛИНА»{:}

{:kk}Маусым айының басында «SAULEMAY» интеллектуальды жан-жақты дамыту орталығы «Былина» орыс этномәдени бірлестігімен ынтымақтаса отырып, «Мирас» жылқы спорты клубында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ертегіден кем емес, ғажайып мерекелік шара ұйымдастырды.

«Ерекше» балақайлар үшін иппотерапияның маңызы зор және емдеу бағытында мұның нәтижелері айтарлықтай жақсы. Елімізде сал ауруына шалдыққан балалар саны жылдан-жылға азаяр емес. Балаларға арнап түрлі мереке ұйымдастырушылар мен күн сайын мұндай балалармен жұмыс жасайтындар үшін басты мақсат – олардың қоғамнан оқшауланып қалмауына жағдай жасау, әлеуметтік жағынан қорғалуына, сауығуына сенімдерін нығайту болып отыр.

Бұл күні балалар жылқы клубында атқораларды аралап көрді, ипподромда атқа мініп серуендеді. Мұнан соң мерекелік бас қосу «SAULEMAY» интеллектуальды жан-жақты дамыту орталығының алаңында жалғасты. Мұнда мерекелік концерт керемет көңілді думанға жалғасты. Орталық тәрбиеленушілері ән салды, тақпақ айтты, өздері сүйіп тамашалайтын мультфильм кейіпкерлерімен ойындар ойнады.

Әрине мұндай мерекелік көңілді демалыстан соң барлығын кең жайылған тәттілерге толы дастархан күтіп тұрған болатын. Бәрінің де көңіл күйі өте жоғары болды, алған әсерлерін бір-біріне айтып тауыса алмай жатты.

Балақайларға осындай есте қаларлық мейрам күнін сыйлаған жандардың есімдерін атамай кетуге болмас. Олар балалардың қамқоршылары мен достары: ЖК «Каспий» мекемесіне қарасты «Мирас» жылқы спорты клубының директоры Айбар Жаниязов, қалалық Мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев, «НейроДеткиЧудо» мекемесінің жетекшісі Меңсұлу Мақсотова, «SAULEMAY» қоғамдық қорының директоры Сәуле Ерниязова, «Былина» орыс этномәдени бірлестігі көркемөнерпаздарының көркемдік жетекшісі Александра Мелешкина. Жүректері мейірімге толы қайырымды жандармен өмір қашанда көрікті.

Тағы бір айтар жаңалық, мұнымен балаларға арналған қамқорлық аяқталмайды, керісінше алда көптеген жоспарлар бар. Демек, балалардың қоғамдық өмірге еркін бейімделуіне, ортаға тез араласып, нәтижелі сауығуына орнықты көңіл мен нық сенім бар.

Атырау облысы әкімі аппаратының

қоғамдық келісім КММ

баспасөз қызметі{:}{:ru}1 июня, в этот самый замечательный детский праздник,  в Атырау,  для детей, с ограниченными возможностями Центра всестороннего интеллектуального развития       «SAULEMAY» совместно с русским этно-культурным объединением «Былина», в конном центре «Мирас», было организовано настоящее волшебное праздничное мероприятие.
Иппотерапия имеет большое значение в жизни этаких деток и даёт прекрасные результаты в лечении.  Год от года таких ребятишек становится больше. И основная задача, которую ставят перед собой и организаторы мероприятия,  и те, кто каждый день работает с такими детками — это их социализация и адаптация, чтобы они себя не чувствовали себя обделенными.

На ипподроме дети покатались на лошадях и покормили их. Затем праздник переместился на территорию детского центра «SAULEMAY», где прошёл праздничный концерт. Воспитанники центра пели песни, рассказывали стихи, играли со своими любимыми героями мультфильмов.

Праздничное мероприятие прошло в веселой, дружной атмосфере. А напоследок всех ждал чай с угощениями.
Ребятам было подарено прекрасное настроение и море положительных эмоций.

Благодарим всех организаторов этого мероприятия за заботу и неравнодушие.

Организаторами праздника выступили:
ИП Каспий в лице Директора конного спортивного клуба Джаниязова Айбара Сериковича,  Депутат городского маслихата Семгалиев Алибек Аманжанович, организация  «НейроДетки Чудо» в лице руководителя Максутовой Менсулу Арслановны, ОФ Саулемай в лице директора
Ерниязовой Сауле Алимжановны и ЭКО «Былина» в лице художественного руководителю Мелешкина Александра.

Но на этом добрые дела  не заканчиваются…
В планах проводить такие мероприятия как можно чаще и, надеемся, результат не заставит себя ждать и деткам будет легче и комфортнее приспособиться к жизни в обществе.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі{:}