БАЛАЛАРҒА 8 АРНАУЛЫ БАҒЫТ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ҰСЫНАДЫ
БАЛАЛАРҒА 8 АРНАУЛЫ БАҒЫТ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ ҰСЫНАДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов аудандарды аралау жұмыстары жалғасуда.
Басқарма басшысы Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында болып, ғимаратқа жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, ғимарат маңайын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру керектігін алға тартты.
Оңалту орталығы 2021 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілген. Орталықта 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар 25 қызмет алушыға өз қызметін ұсынуда. Орталық мамандары халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, 8 арнаулы әлеуметтік бағыттар бойынша қызмет етеді. Атап айтқанда орталықта бүлдіршін мен жасөспірім балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызметтер ұсынылады. Осы қызметтерді ұсыну барысында орталықта тұрақты түрде педиатр дәрігері, емдік дене шынықтыру, аға мейірбике, массаж жасау мейірбике, тәрбиешілер, психолог, дефектолог, логопед, мәдени-ұйымдастырушы, заңгер мамандары қызмет жасайды. Аталған қызметттердің ішінде зор мәнге ие әрине әлеуметтік-медициналық қызмет. Өйткені орталыққа келген қызмет алушылардың диагнозына қарай олардың аяқ-қол буындарының икемге келіп жақсаруына, денелерінің қозғалысқа түсуіне, дұрыс қалыптасып өсіп дамуына бірден бір септігін тигізетін қызмет болып табылады. Орталықта қызмет алушыларға екі мезгіл тамақ ұсынылуда. Күнделікті балаларды тасымалдауға автокөлік қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар балалардың өз-өзіне қызмет көрсетуде, сөздік қорларын молайтып, ой-өрісін, қол моторикасын, танымдық пен шығармашылық қабілеттерін жақсартуда және қоғамдық ортаға бейімдеу педагог мамандардыңда үлесі аз емес.
Орталықтың жұмысымен және ғимараттың жай-күйін көрген Еркін Егембердіұлы қызметті сапалы ұсыну қажеттігін, жөндеу жұмыстарын талапқа сай жасалу қажеттігін атап өтті.
Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы