Балаларға психологиялық тәрбиені қалай жүргізген жөн?
Ата-ананың бала тәрбиесіне деген білімі қаншалық сапалы болған сайын баланың өсіп-жетілуіне соншалық зор ықпал жасайды. Ертеде бір ақын «Егер ата-ананы садақ десек, онда бала садаққа оқтаулы жебе» деген екен. Ата-ана болған біз саптаулы тұрған жебені қай бағытқа бағыттасақ, баламыздың болашағын сол жерден көре аламыз. Сондықтан ата-ана баланың психологиялық ақаусыздығына ерекше назар аудару керек. Бүгін біз балаларға психологиялық тәрбиені қалай жүргізу жайында сөз қозғайтын боламыз.
Бірінші: Баланың туыстық сезімін жетілдіру. Бала ата-анасын, туыс-туғандарын, дос-жарандарын аялайтын, мейіріммен қарайтын сезім қалыптастыру керек.
Екінші. Баланың басқаларға жанашырлық сезімін жетіллдіру. Баланың бұл сезімін оятуда ата-ана бастамашы болып біреудің қайғысына ортақтасып, қуанышын бөлісіп, басқаларға бар ықыласымен көмектесе алатын ету. Мысалы: Әке-шешесімен бірге науқастанған дос-жаран, туыс-туғанның көңілін сұрау, әр түрлі көмек қор қоғамына қолынан келгенше көмектесу қимылдарына қатысу.
Үшінші. Баланың жауапкершілік сезімін жетілдіру. Бұл адам баласында туабітті қалыптаспайды. Ол біртіндеп үйрену, біліу барысында қалыптасады. Балаға өз ісін өзіне істету, оны аяқсыз қалдырмау жақтарын қадағалау керек.
Төртінші. Баланың парыздық сезімін жетілдіру. Ең алдымен мұсылман баласы ретінде тек бір Аллаға сенім, соған құлшылық етіп, өзі парызын орындау. Одан қала берсе тұрмыстағы кез-келген өзіне міндеттелген жұмыстарды орындай білу.
Бесінші. Баланың кедергілерді жеңе білу сезімін жетілдіру. Қазіргі кезде тұмыстық шарт-жағдайдың жоғарлауына байланысты балалардың дайын ас, дайын киімге ие болып, өмірде болар-болмас қиыншылық кезіксе қалай қарсы тұруды білмей дағдарып қалып жатады. Сондықтан, балаға қиындықтардан қалай шығу жолдарын үйрету керек.
Алтыншы. Балаға өзінің «бақытты» екенін сезіндіру. Жуықта ғалымдардың тексеру нәтижесіне қарағанда 80 % бала өзін бақытсызбын деп санаған. Бұл жан түршігерлік жағдай. Бақытты сезінтуде ата-ана болған адам баласына күнделікті тұрмыста қарапайым нәрседен шабыт алдырып, қолында барын қастерлеп, өз өмірін аялауды түсіндіру керек.
Жетінші. Адамдар арасындағы қатынасты шеберлікпен үйрену. Бала үлкендерге тез еліктейді. Сондықтан бала үшін жарасымды, бір-бірін құрметтейтін, аялайтын, отбасында әркімнің өз жұмыс бөлісі айқын, бір-бірімен селбесе алатын семия ортасын жарату керек.
Дайындаған Тоқтар Жетпісбай
Namys.kz