«Балаларымның балалық шағын сағындым…
Жалғыз қалған қариядан сұрады: — Балаларыңызды сағынып жүрсіз бе? Қария былай деп жауап берді: «Балаларымның балалық шағын сағындым… Өйткені ол кездері мен үйден аз уақытқа кеткенде балаларым жылап, сағынатын. Есіктен кірсем, олар мені күлімдеп, қуанып қарсы алатын. Үйде болмасам, олар мені іздейтін, менсіз тамақтарын да жегісі келмейтін еді… Енді… Бәрі керісінше…» ЕСЕЮ ДЕГЕН ЕССІЗ БОЛУ МА ДЕП ОЙЛАП ҚОЯМЫН. Ата-аналарымыз бұндай күйге түспесін. Дүниеде барлық нәрсе қайта оралатынын ұмытпайық!