Балаң сені тастап кететін жер

Баяғыда бір шал кемпірі қайтыс болып, жалғыз қалғаны үшін баласы мен келінінің жанында тұра бастапты. Алғашында келіні мен баласы оған жақсы қарап, көңіл аударатын болыпты. Уақыт өті адамның денсаулығы сыр бере бастайды. Келіні мен баласы оған бірнеше уақытқа дейін жақсы қарап жүріпті. Бірақ соңында шал жүре алмайтын, тұра алмайтын жағдайға келгенде баласы мен келіні отырып бұл мәселеге бір жоспар құра бастайды. Жоспар бойынша баласы әкесін ұзақ бір жерге алып тастауға шешім қабылдапты.
Бір күні баласы ерте тұрып, әкесін ұятады. Оған сыртқа қыдыруға баратынын айтыпты. Шал сыртқа шығып қыдыратынын естіп қуанып, дайындалыпты.
Әкесі мен баласы бірге жолға шығыпты. Қаланың сыртына шығып тауға қарай беттей береді. Баласы бір жерде тоқтап осы жерде дем алсақ қалай болады дейді, бірақ әкесіне ол жер ұнамайды. Тағы да біраз алдыңға қарай жүріп бір жерге тоқтайды, әкесі бұл жерді де ұнатпайды. Тағы да біраз алдыңға қарай жүреді, тағы да әкесіне ол жер ұнамайды. Соңында ашуланған баласы неге тағы да алдыңға жүргің келеді деп сұрапты.
Сонда әкесі қиналыңқырап жымиыпты да былай депті:
«Мені алғаш тастағың келген жер, әкемнің әкесін тастаған жері. Кейінгі мені тастағың келген жер болса, мен әкемді тастаған жер. Келесі жерде де ұнатпай жалғастыруымның себебі болса, немерем сені тастайтын жерді көргім келді» депті.
Сомен, не ексең соны орасың. Ата-анаға мейірімді бол, сен де бір күні қартаясың.

Жазған Мұрат Өзтүрік
Аударған Ләззат Базарбаева