БАЛАНЫ БАСТАН…
«Ұл бала есін біле бастаған кезден-ақ:
— балам, төсегіңді жинап, бөлмеңді тап-тинақтай етіп ұста.
⠀
Өзіңнің бөлмеңді жинай алмасаң, ертең өзгенің қажетіне қалай жарайсың?!
⠀
Анау киіміңді бүлдірме, аяқ киіміңді тазалап ұста.
⠀
Мына қарындасыңа ие бол, сөмкесін көтеріс, қараңғыда жалғыз қалдырма, бауырларыңның аяқ-киімін сүртіп қой.
⠀
Әпке-қарындастарыңа қарамасаң, ертең әйел-бала-шағаңа қалай қамқор боласың?
⠀
Бауырларыңа жаның ашымаса, отбасыңды қалай асырайсың? Сен еркек емессің бе?
⠀
Бүкіл жан-жануардың еркегі өзінің үйіріне, қол астындағы нәзік жыныстыларға қамқор болып, қорғап, жағдайын жасайды.
⠀
Еркек болып тірлік жасаудың орнына ез болып жатысың не?
⠀
Үйдің үлкені болғандықтан бауырларыңа жауапты екеніңді ұмытпағайсың.
⠀
Сен еркексің, ертең үйдің иесі боласың, сол арқылы еліңнің сүйеуі боласың, мойныңда маңызды жауапкершіліктер бар» деген сынды сөздерді сіңіре беруіміз керек.