Баланы терезеден құлап кетуден қорғаңыз
Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Мұндағы мақсат – кіші жастағы балалардың терезеден құлап кету жағдайларын болдырмау. Мұндай жағдайлардың көпшілігі ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруынан орын алады. Ұл-қызыңызды жалғыз қалдырмаңыз. Терезедегі москит торларға да сенбеңіз, олар құлап кетуден қорғауға арналмаған. Керісінше, қайғылы жағдайға ықпал етеді. Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
Құтқарушылар желдету кезінде баланың бақылауда екеніне көз жеткізуді ұсынады. Балаларға балконға ересектердің көмегінсіз шығуға рұқсат бермеңіз. Ұйықтап жатқан сәбиді ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, өйткені ол оянып, ашық терезеге көтерілуі мүмкін. Барлық жиһазды, соның ішінде төсектерді терезелерден жылжытыңыз. Құтқарушылардың айтуынша, бұл баланың терезеге еш кедергісіз көтерілуіне көмектеседі. Сондай-ақ құтқарушылар бала терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренсе, оның пәтерде болуы да соғұрлым қауіпсіз боларына сенімді.
Баланы терезеден немесе балконнан сыртқа қарау үшін аяғының астына орындық немесе басқа затты қоюға үйретпеңіз. Кейіннен мұндай әрекеттің соңы да оның терезеден құлап кетуін әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ләззат ҚАЖЫМОВА
Батыс Қазақстан облысы