Баланың алдына иіліп, тізерлеп тұрып, көзбе – көз сөйлесуіміз керек

Калифорния Штатының Лонг Битч қаласындағы Ейалет Университетінде сабақ беріп жүрген кезімде, бір студент қыз мені таң қалдыратын. Таң қалдыру себебі, жас қыздың мынандай ерекшеліктері бар болатын: ең алдымен ол өте сұлу еді, еріксіз көзім сол қызға ауып кететін. Екіншіден, сабақ үлгерімі де өте жақсы еді, сабақтарының дерлік барлығынан ең жоғарғы бағаларды алатын.

Сонымен қатар, ол өте сыпайы қыз болатын. Бір күні пикникте ол өзінің сүйіктісімен таныстырды. Шынымды айтайын, оның сүйіктісін көргенде алғаш ойыма келген нәрсе, «алманың ең жақсысын аюлар жейді» деген ой болды. Сондай сұлу қыздың сүйіктісі жиырма жеті – жиырма сегіз жастарында, шашы біраз түскен, толықтау, сүйкімсіз, бойы қысқа болатын. Бұл кісінің ақшасы үшін сүйген болар деп ойладым. Кейіннен білуімше, оның ешқандай байлығы жоқ, бақса университеттің психология бөлімінде доктарантура студенті болып оқитын, мақсаты профессор болуды қалайтын қарапайым жігіт екен.

Қызық, менің сұлу студент қызым бұл адамның несін сүйді екен? деген ой мені мазалай берді. Бір аптадан өткен соң, сабақтан шыққан кезде, сұлу студентім Саллимен сөйлестім:
« — Салли, сүйіктіңмен қалай таныстың?
— Бір шіркеу жұмысында таныстым.
— Оның несі сені таң қалдырды? »
Салли бір Американдық ретінде бұл сұрақты күтпеген еді. Америка мәдениетінде бұндай сұрақтар әдепсіздік болып саналады. Америка мәдениетімен менің бұл қылығым Саллидің жеке өміріне мұрнымды сұғып отқаным болып саналады. Салли бұл сұраққа таңдана қарап: «Ол менің батырым! Ол керемет жан! Мен одан көп нәрсе үйрендім» деп жымиды.

Сұлу бір әйелдің өз жарына «сен менің батырымсың» деп айтқыны еркек үшін ең үлкен сыйлық болып есептеледі. Бұндай сыйлықты өмірім бойынша ешқашан алмағыным үшін оны қызғандым.
«Қалай сонда?» дедім.
«Франк жетімдер үйінде тәрбиеленді. Жетім болу не екенін жақсы білген ол, университетте оқып жүргенде, екі жетім баланы қамқорлығына алды. Аптасына өзінің он сағатын солармен өткізеді; олармен кездесіп ойнайды, кітап оқиды, оларды музейге алып барады. Олардың жақсы өсіп — жетілуі үшін қолынан келгенін жасап жүр. Біріншісіне өткенде ота жасалынды, Франк қазір түнде соның қасында ауруханада. Франк өте қамқор жан. Ол өмірге басқа қырымен қарайды…»

Осы сәтте біреу бетімнен шапалақпен қойып қалғандай болды. Ұялдым. Өзіме ашуландым. Мен жоғары білімді бола тұра адамдарды әлі күнге дейін сыртқы келбетіне қарай бағалаймын. Өзімдегі лас ойдан ұялдым. Біраз уақыт өте келе Саллидің отбасына қызыға бастадым. Өзімше былай ойладым: Франкті көргенде мен неге ол туралы «алманың жақсысын аю жейді» деп ойладым? Себебі, мен осы ұқсастыруларды есіте – есіте өстім. Менің өскен ортам маған қалай әсер етсе, Саллидің де өскен ортасы оған солай әсер еткен болу керек.

Бірнеше аптадан кейін Саллидің отбасы қайда екенін сұрадым. Лос – Анджелестен 350 км ұзақтағы бір ауылда тұрады екен. Соның отбасымен танысуыма болама деп сұрадым. Екі күннен соң: «Отбасыммен сөйлестім, сізбен танысқысы келеді» деп айтты. Төрт – бес аптадан кейін Сан – Францискоға баратын едім, Саллидің ауылы жолымның үстінде болғаны үшін отбасымен танысып шықсам болады деп ойладым.

Бұл жоспарымды Саллиге айтқанымда, ол да сол күні отбасына баратынын, қаласам бірге жолға шығатынын айтты. Отбасы да бізді таңғы аста күтетінін хабарлады. Біз таңғы алтыларда жолға аттанып, таңғы асқа жетіп бардық. Саллидің ағасы Брайннің үйіне бардық. Саллидің әкесі Джордж сол жерде кездесуімізді жөн санапты. Жүздері сондай жылы жандар екен. Брайннің, төрт баласы бар екен, ең кішісі 4 жаста.

Бұл отбасында екі жағдай менің назарымды қатты аударды.
Алғашқысы, Саллидің әкесі немерелерімен сөйлесер кезде, немерелерінің алдына тізерлеп иілді. Бұны жасанды емес табиғи екені білініп — ақ тұратын. Саллиге әкесінің немерелерімен үнемі осылай сөйлеседі ме деп сұрағанымда: «Иә, бізбен де солай сөйлесетін. Ағам да балаларымен осылай сөйлеседі. Менде балам болса осылай сөйлесеміз, біз осылай үйрендік» деді.

Мен университетте мұғаліммін және менің мамандығым психолог, бірақ мен осы уақытқа дейін балаларымның алдына иіліп, солармен тізерлеп сөйлескенімді есіме түсіре алар емеспін. Өзіме ашуландым; сосын өзіме ашуланудан баз кештім, мені өсіргендерге ашуландым. Оларға да ашуланудан баз кештім, бізді өсірген мәдениетімізге ашуландым. Сосын келе, ешкімге ашуланбауға шешім қабылдап, осы жерден білмегендерімді үйренуге бел будым. Немерелерінің алдында иіліп сөйлесіп отырған Джордж ағайға: «Ағай, немерелеріңіздің алдында иіліп сөйлесіп отырсыз!» дедім. Меған таң қаларлықпен қарап, «Әрине, себебі олар кішкентай адамдар» деді. Сол кезде меған қараған көз қарасы , бұл табиғи нәрсе, менің ойымша бұны барлығы жасайды, сіз де осылай жасайсыз ба деп тұрғандай еді.

Бұл керемет жанұяда мені таң қалдырған екінші жағдай, Брайннің балаларымен қарым – қатынасы еді. Брайн үлкен мемлекеттермен сауда – саттық жүргізетін кәсіпкер еді. Үйлерінің үлкендігімен, жүзу бассейінен, көлігінің маркасынан – ақ отбасының қаншалықты ауқатты екені білініп тұрған еді.

Таңғы астан кейін, таңғы он бірлер шамасында Брайнге біреу телефон соқты. Офисинен хабарлап тұрған екен, Кореядан келген бір кәсіпкер Лос – Анджелеске келген екен және Брайнмен кездесу үшін түкұшағыменпен сағат түскі екіде келгісі келетінін айтыпты. Бірақ Брайн онымен кездесе алмайтынын, бақса бір кездесуі бар екен айтты:
«Төрт балам бар, әр апта біреуімен төрт сағат жеке кездесемін. Бүгін төрт жастағы қызым Маримен кездесуім бар. Балалар өте тез ұлғаяды, егер абай болмасаң уақыт зымырап өтіп олар үлкейіп кетеді».
Брайннің өмір сүру тәртібін сұрамадым, бірақ оның әрекеттеріне қарап тұрсаң, ол алдымен нелерге мән беретіні байқалып — ақ тұрған еді. Брайннің балалары оның жұмысынан да бағалы болғаны үшін Брайннің өмірінде ешқандай «өкініш» болмайтынына сенемін.

Саллиге «әкең сенімен де кездесетін ба еді» деп сұрадым, ол «әрине» деді, «тек қана менімен емес, әр баласымен кезекпе кезек кездесетін, біз осылай үлкейдік. Менің балаларымның да әкесі осылай жасайды» деп жауап берді. «Балаларыңның әкесі бұлай жасайтынын қайдан білесің» дегенімде, бұл туралы Франкпен сөйлескенін айтты.
Ішімнен бір нәрсе үзілгендей сезіндім. Салли әлі туылмаған баласы туралы ойлап қойған еді. Өзімнің балаларыма жаным ашыды. Бойдақ кезімдегі қателіктерім, үйленгеннен кейін жарыма көрсеткен қорлықтарым, ең ащысы да балаларыма көрсеткен қорлығымды есіме түсірдім. Өзімнің балалық шағыма да жаным ащыды, сосын ата – анамның балалық шағына жаным ащыды. Сонында, өз елімнің барлық балаларына жаным ашыды.

Соңында ешкімге ашулана алмайтынымды түсініп, «бұдан кейін» не істей алатынымды ойладым. Саллидің өскен ортасын көріп, оның әрекеттер түсіне бастадым. Салли өз отбасында төрт құбыласы түгел ұлғайыпты. Баланың алдына иіліп, тізереп тұрып, көзбе – көз сөйлескеніңізде, бала «Сен барсың, сен табиғисың, сен қымбаттысың, сен мықтысың және сен сүюге лайықсың» деген сөздермен баланың рухани ЖАНЫ ризық алады.

Баласымен кездесуін тоқтатпаған әке, «сенімен уақытымды өткізгім келеді, сені сағындым» деген сөзді балаға жеткізе алады. Бала бұны сөзбен емес, іспен, әкесінің ыстық сезімімен алып, «Мен сүйгенге лайықпын» деген сезімге бөленіп ұлғаяды.
Бір ата – ананың балаларына бере алатын үлкен мирасы оны керемет, рухы мықты жан ретінде тәрбиелеуі.

Доған Шүшеліоғлыдан
Аударған Lazzat Bazarbayeva