БАЛАНЫҢ САНАСЫ
Егер бала үкіленген үмітті сезіп өссе – ол төзімді болуға үйренеді;
Егер бала мақтаумен өссе – сенімді болуды үйренеді;
Егер бала адалдықпен мәпеленсе – әділетті болып үйренеді;
Егер бала қауіпсіз екенін терең түйсініп өссе – сенуге үйренеді;
Егер бала мақұлдаумен өссе – өзін сыйлауды үйренеді;
Егер бала махаббатпен мәпеленсе – сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді;
Егер бала таңдау еркіндігін біліп өссе – өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойнымен көтеруді үйренеді.
Сонымен қатар:
Егер бала тек сын естіп өссе – өзгені айыптауды үйренеді;
Егер бала әжуаның астында өссе – күдікшіл болуды үйренеді;
Егер бала өшпенділік ұясында өссе – дұшпан көруді үйренеді;
Егер бала өштікті көріп өссе – өзгенің жанына жара салуды үйренеді;
Егер бала түсінбестікпен ауыздықталса – өзгені тыңдамауды үйренеді;
Егер бала өтіріктің ортасында өссе – алдауды үйренеді;
Егер бала абыройсыздықты көріп өссе – өзін кінәлі сезінуді үйренеді.
Балаңызды қалай өсіріп жатырсыз? Таңдау қолыңызда…!
ШЫНАР ӘБДІЛДА