Балаңыз қалай, демек сіз…
Перзент (бала) – Алланың адам баласына берген сыйы әрі аманаты. Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-ананың ең басты міндеті есептеледі. Араб психологы Тариқ әл-Хабиб бала тәрбиесі жөнінде мынандай кеңестерді айтады:
- Балаңыз көп өтірік сөйлей ме? – Демек, сіз оны шектен тыс тексеріп, тергейсіз.
- Балаңыздың өзіне-өзі сенушілігі төмен бе? – Демек, сіз оның рухын көтермейсіз, ынталандырмайсыз.
- Балаңыздың сөйлеу қабілеті (шешендік өнері) нашар ма? – Демек, сіз онымен бірге отырып сөйлеспейсіз.
- Балаңыз ұрлық жасай ма? – Демек, сіз оған ешнәрсе сыйламайсыз.
- Балаңыз қорқақ па? – Демек, сіз оны көп қорғайсыз.
- Балаңыз басқаларды құрметтемей ме? – Демек, сіз онымен дауыс көтеріп сөйлесесіз.
- Балаңыз әрдайым жүзі қаяулы, жабыраңқы көңілде жүре ме? – Демек, сіз оны аз мақтайсыз.
- Балаңыз сараң ба? – Демек, сіз онымен бөліспейсіз (немесе бөлісуді үйретпейсіз).
- Балаңыз басқаларға зорлық көрсете ме? – Демек, сіз де оған қаталсыз.
- Балаңыздың рухы әлсіз бе? – Демек, сіз оған дөрекісіз.
- Балаңызда іштарлық бар ма? – Демек, сіз оны елемейсіз, оны ұсақсынып, әңгімелерін тыңдамайсыз.
- Балаңыз сізден қашқақтай ма? – Демек, сіз оны құшағыңызға алмайсыз.
- Балаңыз сізді тыңдамай ма? – Демек, сіз талапты күшейтіп жібергенсіз.
- Балаңыз тұйық па? – Демек, сіз жұмысқа қатты берілген адамсыз.
Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛОВ