Балаңыздың ернінен сүймеңіз!

Бала — ата-ананың көз қуанышы. Оны барлық ата-ана жақсы көреді. Сол махаббаттың көрінісі ретінде кейбір атааналар нәрестелерінің ернінен сүйіп жатады. Нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді. Дегенмен, олардың сүюге болатын беттері, жұп-жұмсақ қолдары, торсықтай шекесі тұрған кезде неліктен еріндерінен сүюіміз керек?

Ата-аналар балаларын жақсы көрсе және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізуді қаламаса, олардың еріндерінен сүймесін.

Балалардың ернінен сүюдің мынадай зияндары бар:

• Иммунитеттері әлі әлсіз болғандықтан, біздің аузымыз арқылы ми кроптар ағзасына тезірек өтеді де, жиі сырқаттанады.

• Ұшық, безеу, тіс етінің жаралары секілді инфекциялардың өту қаупі бар. Әсіресе нәрестелер мен балалар үшін ұшық өте қауіпті.

• Балаларға денесінің өздеріне ғана тән бөлігі бар екенін және ол жерлеріне ешкімнің қол тигізуіне рұқсат бермеуі керек екенін айта тұрып ата-ана өзі баласының ернінен сүйетін болса, баланың санасында қарамақайшылықтар туындайды.

1111

• Ата-анасы ернінен сүйетін балалар басқалардың да ернінен сүюіне қарсылық білдірмейді. Өйткені балалар үшін ата-аналарының барлық ісі дұрыс болып есептеледі. Осылайша, олар өздерін жаман ниетті адамдардың іс-әрекетінен қорғай алмайды, тіпті олардың бұл әрекетінің зиянды екенін түсіне де алмайды.

• Әкесі ұлының, анасы қызының ернінен сүйген кезінде бала жыныс анықтауда қиналу, өскенде басқа жынысты таңдау, яғни өз жынысын иелене алмау секілді қауіптерге жол ашуы мүмкін.

• Әкесі қызының, анасы ұлының ернінен сүюі болашақта әке-шеше мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті, бұл балалар ертең үйленген кезінде отбасылық өмірі мен жыныстық өмірінде де қиындықтарға душар болуы мүмкін.

• Еріннен сүю жыныстық белгілерді де қамтитындықтан, балада жыныстық дабыл ерте қағылып, баланың басы қатады әрі оның дамуына да кері әсерін тигізеді.

• Әке-шешесі ернінен сүйетін бала мектеп те досының немесе үйге келген қонақтың ер нінен сүюге тырысса, онда оның бұл әрекеті қоғамда өз орнын табуына зиянын тигізеді. Балаларымызды сүйейік, тіпті, жиі-жиі сүйейік. Бірақ ернінен, құйрығынан неме се санынан емес, бетінен, қолынан, шекесінен сүйейік. Сонда ғана санасы дұрыс қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.

Абдулкәрім Тұрысбек