”БАЛАСАҒҰН” ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

”Баласағұн” орталық концерт залында Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен ашылды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев абыройлы азаматтарды мерекелерімен құттықтады. Жиын соңы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының концерттік бағдарламасына ұласты.

Концерттік бағдарламада «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық тобы, «Брайс» триосы сынды филармония өнерпаздары өнер көрсетті.

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы