Баласын суық сарайға қамаған ана ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтің мәлімдеуінше, Талдықорғандық ана өз ұлына қатігездік көрсеткені үшін оны ата-аналық құқығынан айыруы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Комиссия мүшелері Лебедевтер жанұясы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғанын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Сөйтіп, Светлана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязда сарайға қамап тастаған», – дейді Артур Ластаев.
Қамқоршылық органдары Жетісу облысы бойынша өкілдігімен бірге әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызды сотқа жолдады. Қазір бұл іс қаралып, үлкен баласы Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды. Сондай-ақ баланың анасы тарапынан бірнеше рет физикалық зорлық-зомбылық көргені көрсетілген.
“Адырна” ұлттық порталы