Балқаш қаласында «Отыз жылдыққа — отыз аялдама» акциясы жауынгер — қолбасшы Жалаңтөс батырға арналды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отыз жылдыққа — отыз аялдама» қалалық акциясы аясында қалада тағы бір жаңартылған автобус аялдамасы пайда болды.
Аталмыш аялдама XVIII ғасырда Бұланты, Аңырақай, Сарыбел, Түркістандағы шайқастарға қатысып, Қарқаралы, Балқаш, Аягөз және Баянауыл аудандарын азат етуде көзсіз ерлік көрсеткен, жоңғарлармен күресте өзінің батылдығымен, қайсарлығымен әйгілі болған жауынгер — қолбасшы Жалаңтөс (соқыр) батырдың ерлік жолына арналды. Стендтерде танымал адамдардың батырға берген бағалары мен Жалаңтөс батырға арнаулар орналастырылған. Өз елінің тарихын, өткенін құрметтеу — Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызды құрамдас бөлігі.
Аялдаманы безендіруде «Құлық Жалаңтөс – Таңат Баба» қоры демеушілік көмек көрсетті. Бұл акция әлі де өз жалғасын табатын болады.
Жомарт Шаймұрат