Балқашта тағы бір әдеби аялдама жасалды

 

Балқашта аялдамаларды қазақ халқының ең үздік тұлғаларының суреттерімен безендіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін, 12 сәуірде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрылған күні №1 ОМ жанында тағы бір әдеби аялдама пайда болды. Оны қала педагогтары безендірді.

Әдеби аялдама материалдары Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының тумалары — Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және Әлімхан Ермеков туралы баяндайды. Балқаштықтар QR-код арқылы олардың өмірбаянымен және ең танымал еңбектерімен таныса алады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Балқашта екі әдеби аялдама пайда болған еді. Павильондардың бірі Абайдың 175 жылдығына арналған. Оның ішкі жағында ұлы ақын мен ойшылдың бейнесін, оның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерді, сондай-ақ «Толық адам» философиялық формуласының негізгі қағидаларынан қазақ және орыс тілдеріндегі үзінділерді көруге болады.   Аялдаманың сыртқы жағында Балқаштың логотипі мен әнұраны орналасқан.

Екінші павильон Әл-Фарабидің құрметіне безендірілген. Ол Абайға арналған аялдамаға қарама-қарсы орналасқан, онда да фотосуреттер, қысқаша өмірбаяндық мәліметтер, ғалым мен философтың еңбектерінен үзінділер бар.

Бұл жұмысты мәдениет қызметкерлері жеке кәсіпкер Бақтияр Мырзабаевтың демеушілігімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында ұйымдастырды.

 

 

                                                                                                     Жомарт Шаймұрат