Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Балық аулау демалыстың керемет түрі, алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз ол өте қауіпті. Шағын көлемді кемелер немесе қайықтармен балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескектерінің және олардың бекіткіштерінің, сонымен қатар құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап қарап алу қажет. Қайыққа отыруды аса сақтықпен жүргізу қажет. Ортасынан басып, отырғышқа бірқалыпты отыру керек. Шағын көлемді кемелердің немесе қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір қайықтан екіншісіне отыруға, қайықты шайқауға, одан суға секіруге немесе сүңгуге қатаң түрде тиым салынады. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді кемелер мен қайықтармен балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:
1. Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орыны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс.
2.Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу.
3.Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тиым салынады.
4. Қайықтың жарамдығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау.
5. Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
6. Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды кеме бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.
Қандайда бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.