Бананнан жасалған балмұздақ

Балмұздақты сүйсініп жемейтін жан кемде-кем шығар.  Күнделікті дүкеннен алып жей беруге қалтаңыз көтермесе немесе қолдан жасалған үй балмұздағын сүйсініп жейтіндердің қатарында болсаңыз төмендегі кеңіске құлақ түріңіз!

Құрамы: 3 банан, қара шоколад, 1 стақан грек жаңғағы, 3 ас қасық қаймақ, 1 киви (сәндік үшін).

Дайындау жолы:
1. Шоколадты бөліп, ыдысқа саламыз. Жаңғақты майдалаймыз. Бананды суреттегідей етіп кесеміз. Ішін оямыз. Шоколадты ерітіп, үстіне қаймақты құямыз. Бананның қалғанын бір ыдысқа саламыз.
Үстіне үгітілген жаңғақты қосамыз.
2. Барлығын жақсылап араластырамыз. Жоғарыдағы банандардың ішіне саламыз. Шоколад пен қаймақты жақсылап араластырып, ерітеміз. Қасықпен құйып шығамыз. Бетіне жаңғақ себеміз. Қалауымызша кивимен безендіреміз.