БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ АХУАЛЫ

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің» Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен өңірде тіл саясатын насихаттау, банк саласындағы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында «Банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің ахуалы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Тараз қаласындағы екінші деңгейлік банктердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсетілуін және мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне қатысты жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілді.
Банк саласындағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін арттырып, сауатты іс-жүргізуге қажетті қазақ тіліндегі платформалар таныстырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы