Бақ соқыр болады.

Бақ соқыр болады. Соқырдың көзіне, пұшықтың мұрнына да қонуы мүмкін

Қолға түскен Баязит сұлтанды көрген Ақсақ Темір
— Бір ақсақ пен бір соқыр бүкіл Азияны билеген екен-ау — деп таңғалған көрінеді.

Баязидтің бір көзі дұрыс көрмеген. Беті қисық болған деседі..

Әмір Темір Мәскеуді өртеген Тоқтамысты талқандамағанда, Баязит сұлтанмен соғыспағанда тарихтың дөңгелегі қалай айналар еді?

Алтын Орда, Осман империясы, Әмір Темір мемлекеті…
Егер үшеуі одақ болғанда Еуропаның күні не болар еді?

С. Хлебовский
«Ақсақ Темірдің Баязид сұлтанды тұтқындауы», 20 шілде 1402 ж.