Бақауовтар отбасы өздері білім алған мектебіне «Teacher office» тарту етті

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың отбасы Железин ауданы Жаңа жұлдыз ауылындағы өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне заманауи мұғалімдер офисін тарту етті.

Осылайша Павлодар облысының ауылдық жерлерінде алғаш болып аталған Жаңа жұлдыз ауылында «Teacher office» орталығы ашлды. Жаңа үлгідегі мұғалімдер бөлмесінде педагогтардың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған.Жаңа жиһаз, компьютерлік техника, сапалы интернет және демалыс бұрышы бар. Сондай-ақ, түлектердің мерейтой кешіне келген ағайындыБақауовтар өздер оқыған мектепке 300 түп қарағай ағашын отырғызды.

Жаңа жұлдыз мектебінде болған түлектер кешіне әр жылдары бітірген азаматтар келіп, бір-бірімен сағынышпен қауышты. Кездесуісынып сағатынан басталды. Ал аймақ басшысы Болат Жұмабекұлының өз мұғалімінедеген құрметі барша қатысушылары тәнті етті. Ол кездесуге Алматы қаласынан Баян Қайыргелдіқызын әдейі шақырған. Өңір басшысы құрмет ретінде алқашқы ұстазынагүлдер мен сыйлық тарту етті.

Ауылдық оқу орынның оқушылары мен мұғалімдеріне арналған дәріс кезінде Павлодар облысының әкімі:«Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесі көбінесе ұстаздардыңдаярлығына байланысты. Балаларды заманауи технологияларға үйрету үшін мұғалімдердің өздері өзгерулері қажет, ақпаратты өңдеуді үйреніп, жаңа бастамаларға дайын болулары тиіс. Біздің міндетіміз – педагогтар мен оқушылардың нәтижелі жұмысы үшін барлық жағдайлар жасау», – деп атап өтті.

Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы меценаттарға педагогтар мен оқушылар атынан алғыс айтты: «Біз осындай бағалы сыйлыққа өте ризамыз. Бүгінгі кездесу туған еліне деген патриоттық сезімді іс жүзінде дәлелдеудің, ауылы мен алтын ұя мектебіне қамқорлық жасаудың керемет үлгісі болып табылады», – деді.

Өңір бсшысының барлық оқу орындарына мемлекеттік цифрландыру бағдарламасын енгізу мәселесінде педагогтарға үнемі қолдау көрсететінін атап өткен жөн. Ағайынды Бақауовтар білімге жұмсалған қаржы – ең тиімді инвестиция екенін түсіне отырып, өздерінің жеке қаражаттарын да білім беруге бөліп тұрады. Айта кетер болсақ, 2017 жылы «Мектебіме тағзым» бағдарламасы аясында олар мектепке хоккей кортын, футболалаңын, тренажерлік залын және воркаут алаңын сыйға тартқан болатын.

Өз тілшіміз.