БӘРІ ДЕ ӘРКІМНІҢ ӨЗІ ҮШІН!
Егер сен өмірдің әлдебір иіріміне өз еркіңмен қосылған болсаң, өзіңе «не істеу керек», «неге», «кім үшін», «не үшін», «кімге керек» деп сұрақ қойып қажеті жоқ. Мұның бәрі тек саған ғана керек, сондықтан мәңгілік өмірдің дөңгелегі айнала береді. «Мемлекет үшін аянбай еңбек еттім» деп шағымданатындар көп. Ол да саған қажет болғандықтан солай істедің емес пе? Саған қажет болғандықтан ғана ауруды емдейсің, бала оқытасың, көше тазалайсың, әскерде қызмет етесің, мал бағып, картоп саласың. Жалақы, табыс, бедел, қабылдау, мақтаныш тек САҒАН ғана керек.
Ұлылар дүниедегі әрбір тіршілік иесінің өз азабы бар, әр азаптың өз себебі бар, сондықтан азап емес себеппен күресе біл деп үйретті. Адамның азап шегуінің себебі – нәпсі, яғни тойымсыздық, ашкөздік. Көбірек ақша, көбірек билік, көбірек атақ, көбірек қызғаныш адамдарды бақытсыз етеді. Нәпсіге төтеп бере алмағандықтан, бәріміз қасіретке батып, қысқа өмірді тозаққа айналдырамыз. Көбіміз ақшасы көп адам бақытты деп ойлаймыз.
Заңсыз жолмен тапқан болсақ ұсталып қаламын ба деп қорқып, түнде ұйықтай алмайды. Ақша қайтадан осылай уайым қорқыныш көзіне айналады. Адамдар өз байлығын қорғау үшін қаншама азап шегетінін ойлап көр.
Бұның бәрі маған керек. Басқа ешкімге керек емес, тек маған. Сондықтан мен көп жұмыс істеймін. Біз әрқашан теріс жағынан ойлаймыз. Ең қарапайым тұрғыдан балаларымыз бізге мұқтаж болғандықтан оларға қамқорлық жасаймыз деп ойлаймыз. Шындығында балалар бізге керек болғандықтан туғызып өсірдік. Өсіріп, ер жеткізіп, кейін олармен мақтанатын, ақырында басымызды оңға қарататын, олардың қолында тыныш өлу үшін де балалар бізге керек еді. Біз мұны өзіміз қалаған болатынбыз.