Бәрі де қара халықтың қамы үшін  

   Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Жолдауында әлеуметтің әлеуетіне айрықша көңіл бөлгені жасырын емес. Жолдау жүктеген міндет аясында бүгінде жер-жерлерде атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында қара халықтың қамын күйттеген тың бастамаларға жан үрледі. Бұның бәрі бұқара үшін жасалып жатқан игілік. 

2019 жылға жамбыл облысы Қаратау қаласында Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты 2011-2020 жылдарға жаңғырту» бағдарламасы бойынша 5 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жоспарланды. Нәтижесінде қайтарым қаражатқа М.Ауезов көшесі №5 және №9 көппәтерлі тұрғын үйлердің сметалары әзірленіп, ағымдағы жылдың сәуір айында жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарына жертөлесі, кіреберістері және үйдің айналасын абаттандыру жұмыстары толық жүргізілді. Сонымен қатар, 3 мөлтек ауданы №35  көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі және үйдің айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған Санырақ батыр №1 және Ауэзов №7 үйлердің жөндеу жұмыстары қазан айында жоспарлануда.

Ағымдағы  жылы елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 150 миллион  теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Санитарлық тазалыққа — 60 миллион  теңге, абаттандыруға — 90 миллион теңге.

2019 жылдың 1 наурыз — 30 сәуір аралығында көктемгі кезеңдегі Қаратау қаласы мен ауылдық округтерінде көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалықты жақсарту үшін атқарылатын іс-шара жоспары  және аудан әкімінің 25.02.2019 жылғы №61 қаулысы бекітіліп, 550-ге жуық адам қатысып, қала көшелеріне санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілік кезінде арнайы 6-техника жұмылдырылып, 12 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылып, арық-атыздарының іштері тазартылды, 600-ге жуық талдар әктелді. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағына «Таза-Талас» мекемесі тарапынан 400 тал-дарақтар отырғызылды.

Бұның барлығы қала көркі үшін ғана емес тұрғындардың тұрмысы үшін де ауадай қажет. Себебі жағдайы оңалған жұрттың жүзі де жарқын болары даусыз.

 

Дедек Төлен