Бәріміз де уақыты келгенде есейеміз, бәріміз де түбі өзгереміз
Бізді шын мәнінде сүйген адамдар қысым жасап, талап етіп, ақыл айтып, бақай есепке тіреп қойып өзгертпейді. Олар бізді сүйгендіктен бар болмысымызбен қабылдайды. Бір қарағанға еш сәйкеспейтін екі дүниені иіп әкеп ортақ арнаға тоғыстырады.
Біріншіден, олар кесір қылығымызбен өзімізге де, айналамызға да қайғы сыйлайтынымызды көрсетеді. Екіншіден, біз қандай болсақ, сол күйінше қабылдайды. Біз оларға осы қисық-қыңыр қалпымызда да қымбат екенімізді сезінеміз. Осыны сезу миллион мотивациядан артық. Өз осалдығыңды жеңуге талпынасың, құлшынасың. Өзгелер сен туралы нашар ойлап қалады-ау деген қорқынышыңды да жеңіп шығасың. Сол әдеткі жалған намысты жоқ қылып, өзгере бастайсың.
Мені шын сүйген жанның бәріне алғыс айтқым келеді! Мені жақсы көретін адамдардың барлығына рақмет! Ілтипатыма мейлінше қарық болса да, мен қабылдай алмаған адамдардың бәрінен кешірім сұраймын! Кейде солай болады екен. Бәріміз де уақыты келгенде есейеміз, бәріміз де түбі өзгереміз.
Андрей Веретенников
Аударған Шынар Әбілдә