БӘРІНЕН КӨҢІЛ ҚЫМБАТ
Бір күні әкесі, өзінің 3 жасар қызын үй ішін түрлі-түсті бояумен сырлап тастағанына қатты ашуланып, шапалақпен ұрып жазалады. Соған қарамастан кішкентай қыз, келесі күні әкесіне 1 қорап сыйлық ұсынды.
— Бұл саған Әкетай.
Әкесі қорапты ашып қараса, іші бос екен. Ол тағы да ашуланып:
— Сен ақымақ, сыйлық ұсынғанда қораптың ішін бағалы затпен толтыру керектігін білмеуші ме едің? Неге бос қорап сыйлап тұрсың маған?
Кішкентай қыз әкесінің ашуынан қорқып, көзі жасқа толып былай деді:
— Әке, ол бос емес. Мен оның ішін керемет тілектермен және сізге деген махаббатыммен толтырдым. Бұл сізге Әке.
Әкесі жасаған ісіне өкініп, тізерлеп отырып қызын сүйіп, кешірім сұрады.
Қызының сыйлығына рахмет айтып, оны жылдар бойы сақтап келді. Ол қандай да бір қиындыққа кезіккен кезде, қызының сыйын есіне алып шүкіршілік етіп жүрді.
Біз дүние-мүлікке қатты беріліп, шынайы игі істерге көп мән бермейді екенбіз. Бұл өмірде одан да маңызды заттар барын ойламайды екенбіз…