Барлық адам білуге тиіс 100 әдеп
1. Ақыл, жан, дін және дүние-мүлік . Бұлар Алла Тағаланың адамзатқа берген ең бағалы және абыройлы сыйы. Ақылды, дінді, дүние-мүлікті, жанды және ұрпақты қорғаудың дүниеде және ақыретте бақытқа қол жеткізетін бірден-бір шарт екендігін қабылдау.
2. Кез келген уақытта және кез келген жерде мұсылманшылыққа сай әрекет етіп, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып, бір тұжырымға келу.
3. Бақытқа қол жеткізу үшін Алла Тағаламен және адамдармен дұрыс, бейбіт қарым-қатынас жасау.
4. Асып-таспау. Өзінің шегін білу де адамгершілікке жатады. Шегін білмеген адам Жаратушысын да білмейді.
5. Алдымен жақсы адам, сосын жақсы мұсылман болу. Жақсы адам жақсы мұсылман болады. Ал, жақсы мұсылман да жақсы адам болады.
6. Алла Тағаланың бұйрықтарын құрметтеп, оның жаратқандарына мейірімділікпен қарау.
7. Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға салауат пен сәлем айту.
8. Алла Тағаланың сансыз нығметтерін, аяттарын және әлемдегі таңғажайып жүйесін ойлап, бұлардан ғибрат алу.
9. Өмірдің және адамзаттың мәнін түсінуде парасаттылықпен әрекет ету, оқиғалардың соңын дұрыс таразылау және әлемдегі таңғажайып жүйеден ғибрат алу.
10. Құлшылықты шынайы ықыласпен және шарттарына сай орындау.
11. Әрдайым Алла Тағаладан қорқып, харам (тыйым салынған) нәрселерден, күнәлардан бойын аулақ ұстап, бүтін ағзаны күнә, қате және жаман нәрселерден қорғау.
12. Діни мәселелерде адамдармен тартыспау, бұл тақырыпты талқылап, сөз сөйлегенде байсалдылық таныту, нақты білмеген тақырыптарды қозғамау.
13. Мұсылмандарды істеген ұсақ-түйек қателіктеріне байланысты кәпір, пасық және мұнафық (екіжүзді) деп айтпау.
14. Татулыққа, кешірімді болуға және кішіпейілділікке баулу.
15. Негізінде Алла Тағаланың жаратқан нәрселерінің барлығы таза және адал, харам етілмегенше еш нәрсені харам деп қабылдамау.
16. Білімге және ғалымға құрмет көрсетіп, оның қадірін білу.
17. Ақыл және логиканың өлшемдерін қолданып, соған сай әрекет ету.
18. Болмашы нәрсеге бола адамдарды айыптамау.
19. Адамдардың жасаған қылмыстарын, айыптарын және күнәларын беттеріне баспау және жария етпеу.
20. Адамдарды алдап-арбамау.
21. Кез келген нәрсеге дұрыс жағынан қарап, дұрыс ойлай білу.
22. Үмітшіл болу, үмітсіздікке салынбау.
23. Барлық нәрсені өз уақытында және орнымен істеу. Соның ішінде құлшылықты бірінші орынға қою.
24. Адамгершілікке, мұсылмандыққа және бауырмашылдыққа сай өмір сүру үшін күресу.
25. Адамдардың және қоғамдардың арасындағы өзгешелікті Алла Тағаланың тағдыры деп біліп, бұл өзгешеліктерге құрметпен қарау.
26. Өмір сүру, сену, денсаулық, білім алу сияқты негізгі бостандықтарды қорғау.
27. Соғыста тек қана соғысқа қатысқандармен соғысу.
28. Әртүрлі қысым көрсетуші пікір және іс- әрекеттен бойын аулақ ұстау.
29. Бейтараптылықтан және әділеттіліктен бас тартпау.
30. Сәлемдескенде, хал-жағдай сұрасқанда, амандасқанда көркем түрде жауап беру.
31. Өзінен үлкендерге тіл қатқанда ақырын сөйлеу, өзінен кішілерге де жұмсақ әрі мейірімділікпен тіл қату.
32. Сыпайы және әдепті түрде сөйлеу.
33. Алдындағы адамның сөйлеуіне де мұрсат беру.
34. Сұралған сұрақтарға жауап қайтару, айтылған жауаптарды тыңдау.
35. Ниеті таза болу.
36. Байсалды және ұстамды болу.
37. Көңілі бай болу.
38. Көзбояушылықтан аулақ болу.
39. Дінге және адамға қатысты істерде адал болу.
40. Адамдарға күдікті ойлар тастамау.
41. Салмақты болу.
42. Алланың және адамдардың жақсылықтарына рахмет айту; шүкірсіздік жасамау.
43. Бір қателік жасайтын болса, артынша кешірім сұрау.
44. Жиі-жиі өзін есепке тартып, өзін-өзі сынға алу.
45. Жаман сөз сөйлеуден және балағаттаудан сақтану.
46. Нәпсінің тілек-қалауларын халал, дұрыс жолмен қамтамасыз ету.
47. Адамдар жүретін жолдардағы кедергілерді алып тастау.
48. Әйелдердің әйелге тән, еркектердің де еркекке тән киінуі және соған сай қарым-қатынас жасаулары.
49. Той-томалақ және соған ұқсас жиындарға қатысу.
50. Жаназа намазына қатысу.
51. Қабірлерді, кесенелерді зиярат етіп, онда жатқандарға дұға жасау және өлімнен ғибрат алу ниетімен бару.
52. Қайтыс болғандардың жақсылықтарын айтып еске алу.
53. Атадан қалған естеліктер мен мәдени мұраларға ие болу.
54. Әкенің достарымен қарым-қатынасты үзбей, оларға қолынан келгенше жақсылық жасау.
55. Отанын және ұлтын сүйіп, оның құндылықтарын қорғау.
56. Өндірілген, адамдардың қолданысына ұсынылған нәрселердің ешқайсысына зиянын тигізбеу. Кімдікі болғанына және кімнің жасағанына қарамастан, ол нәрселерге нәтижеде ұлттың байлығы не болмаса адамзаттың ортақ мүлкі ретінде қарау.
57. Ережелер мен заңдарға бағыну.
58. Басшыларға бағыну.
59. Жасамайтын, қолынан келмейтін нәрселерді айтпау және уәде бермеу.
60. Қоғамды тәртіпсіздікке, ұрыс-керіске және олардың тыныштығын бұзуға итермелейтін іс-әрекеттерден, ой-пікірлерден аулақ болу.
61. Шет тілін үйрену.
62. Өзге елдерде болғанда ол жердің ережелері мен заңдарына, қоғамдық құрылысына және қоғамдық құндылықтарына, әдет-ғұрыптарына, діндері мен сенімдеріне құрмет көрсету.
63. Мамандығын жақсы меңгеріп, лайықты түрде жұмыс жасау.
64. Қол астындағыларға жұмсақ қарым-қатынас жасап, оларды қорғап, төлем-ақыларын өтеу.
65. Дос таңдағанда мұқият болу, зияны тиетін достардан сақтану.
66. Дос, жолдас-жоралардың қадірін білу, олардың жасаған қиянаттары мен ауыртпалықтарына сабыр ету.
67. Жақсылық жасап қол ұшын бергенде, ішкізіп-жегізгенде жомарт болу, сараңдықтан сақтану.
68. Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру, ең болмағанда жылы шырай таныту.
69. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу.
70. Бөлінушілікке салынбау.
71. Ешкімге және ешнәрсеге қате түсінікпен қарамау.
72. Сыр сақтай білу, себебі сыр сақтаудың өзі аманат.
73. Әрбір естіген нәрсесіне сене бермеу және естігендерін жария етпеу.
74. Дүние-мүлік, мансап, мәртебе сияқты дүниелік нәрселерді және адамдарды шектен тыс жақсы көріп, оларды Құдай дәрежесіне шығармау.
75. Туыстарына және барлық адамзатқа қайырлы дұға жасау.
76. Жеккөрушілік, кекшілдік сияқты жаман мінез-құлықтардан бойын аулақ ұстау.
77. Асығыстықтан сақтану, шешім қабылдағанда асығыстық жасамай байыппен әрекет ету.
78. Бүлік шығармау және бүлікшіл болмау.
79. Әділетсіздікке жол бермеу.
80. Қол еңбегін, жұмыс жасауды өзіне қасиетті бір ұстаным ретінде ұстану.
81. Қоғамның және жеке бастың қалыптасуында үнемі алға қарай ұмтылу.
82. Мұқтаждарға қол ұшын беру, құрбандық шалу.
83. Құқықтық кодекстерді біліп, оларды табандылықпен қорғау.
84. Жүйелі, жоспарлы, тәртіпті өмір салтын құрып, оны әрі қарай жалғастыру.
85. Білмейтін болса, білгіштік танытпау.
86. Менменшілдіктен сақтанып, оның алдымен өзіне зиян беретіндігін білу.
87. Тек қана өзін ұнатудан сақтану, өзін ғана толық билік иесі санамау және жеке басының қамын ойлаудан аулақ болу; өзінің білгендерін ғана дұрыс деп ойламай, басқа ой-пікірлердің де дұрыс болу мүмкіндігін естен шығармау.
88. Қателеспеудің тек қана Аллаға ғана тән екендігіне, кез келген адамның жаңылысып, қателесетіндігін білу.
89. Өзінің еш нәрсеге мұқтаж еместігін ойлаудың және тек қана өзіне сенім артудың адамға пайда бермейтіндігін білу.
90. Дүние мен ақырет бақытын бірдей мақсат тұту.
91. Кіруге тыйым салынған орындарға кірмеу және басқыншылық жасамау.
92. Қарыз сұрағанға қарыз беру, алған қарызын уақытында қайтару.
93. Хат-хабар, құттықтауларға жауап беру.
94. Адам тәніне зиянды ас-тағамдардан, ішкіліктерден, киім-кешек және осы сияқты нәрселерден сақтану.
95. Ашкөз, қомағай болмау.
96. Шектен тыс тамақ жемеу.
97. Ашықтан-ашықадамдардыңкөз алдарында кекірмеу, түшкірмеу, сіңбірмеу және түкірмеу.
98. Жолға күл-қоқыс, лас нәрселерді тастамау және түкірмеу.
99. Сұхбат орындарына барғанда бос жерге отыру.
100. Мешітке таза киімдерін киіп, хош иісті сулар сеуіп бару.