«Барыңды беру – өмір сүру»! Одри Хепберн
Суретте 85 жастағы Джеймс Харрисон деген австралиялық рекордсмен.
«Алтын қанды адам», «Алтын қолды адам» ретінде танымал. 14 жасында Джеймске өте күрделі ота жасапты. Оған 13 литр донор қанын құйыпты. Донорлардың қаны аман алып қалғанын ұғынған бала Джеймс өскенде донор боламын деп шешкен. Жасы 18 тола салысымен сөзінде тұрып, 1954 жылдан бастап донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Алғаш қан тапсырғанда оның қаны ерекше екені анықталыпты. D резус-фактор антигеніне қарсыласа алатын өте күшті антиденелері бар өзгеше қан. Харрисонның қаны жай қан емес. Содан оның өмірін 1 000 000 сақтандырыпты.
Оның қан плазмасынан қанның сарысуы жасалады. Егер іштегі баланың резусы оң, бірақ анасының резусы теріс болса, әлгі сарысу іштегі ұрықтың бойынан анасының теріс резусына антиденелер қалыптастырады екен. Соның нәтижесінде баланың бойындағы гемолитикалық сарғаюды (сарыауруды) болдырмайды екен.
Харрисон қанды әр үш апта сайын тапсырып келген. 57 жыл қатарынан. 2011 жылы мамырда 1000 рет қан тапсырыпты. Соның арқасында Гиннес рекорд кітабына тіркелген.
2015 жылға дейін Австралиядағы барлық антирезустық препараттар Харрисонның қанынан дайындалған. 2018 жылы Харрисон соңғы рет қан тапсырды. 57 жыл бойы оның қаны өзінің немересін қосқанда екі миллионнан аса жаңа туған нәрестенің өмірін құтқарған.
Джеймске зор денсаулық тілейміз! 85 деген оңай жас емес.
«Әлемге бойыңдағы бар игілікті бер» — Антуан де Сент-Экзюпери.