Бас Прокуратура Конституция күнін атап өтті (Фото)

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті деп хабарлайды elana.kz аталған мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IMG_0377

Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Д. Меркель іс-шараны аша отырып, Негізгі заңымыздың мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын атап өтті.  Әріптестерін мерекемен құттықтай отрып, Иоган Меркель осы жылдың маңызды оқиғасы – Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы туралы да тілге тиек етті.

                 IMG_0423

IMG_0429

Жиында мерейтойды атап өту аясында ұйымдастырылған прокуратура қызметкерлерінің балалары арасында өткен жазғы конкурстың нәтижелері қорытындыланды.Ерекеше өнер көрсеткен балалар мен қызметкерлерге, мәдинет кайраткерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

                     IMG_0414

IMG_0419

Іс-шара танымал қазақстандық әншілер Б.Исаев, М.Арапбаеваның қатысуымен, балалар мен олардың ата-аналары дайындаған «Ата Заңым-айбыным!» атты гала-концертпен аяқталды.