Бас Прокурор: Алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтады

Үйлестіру кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Бас Прокурор Жақып Асанов алименттерді өндіріп алу проблемасы төңірегіндегі жағдай туралы айтты.

        «Елімізде 5 милионнан астам бала бар. Бұл халықтың үштен бір бөлігі. Балалар үйінде 32 мың жетім бала бар, олардың 70%-ның ата-аналары бар. 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж. Бүгінгі күні алименттер бойынша қарыз 1,8 млрд. теңгені құрып отыр. Сараң әкелер, алименттер төлегісі келмегендіктен, өз балаларынан жасырынады. Табыстарын төмендетіп көрсетеді.»

***

Жақып Асанов: Алименттер бойынша жағдайды өзгерте алатын 30 шара әзірленді

Алименттерді өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурор Жақып Асанов 3 жылдың ішінде алимент бойынша 13 мыңнан астам борышкерге елден шығуға, көлік басқаруға тыйым салынғанын атап өтті.

Осыған орай, Бас прокуратурада сараптама тобы құрылды, ол  алимент төлемеудің себептерін анықтады және «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын әзірледі.

Бас Прокурор жұртшылықты жобаның іске асырылуына қолдау көрсетуге және белсенділік танытуға шақырды.

***

Бас прокуратура: Ажырасқаннан кейін балаларға ортақ қамқорлық институтын енгізу қажет

Алименттер өндіріп алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Қазақстанда ортақ қамқорлық институтын енгізу ұсынылды.

«Әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша, алимент төлегісі келмеу себептерінің бірі борышкерлердің өз балаларымен араласу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар әкелер мен балалардың қарым-қатынасы қаншалықты тығыз болса, алимент төлемеу жағдайларының соншалықты сирек болатыны дәлелденген.

Ортақ қамқорлықтың мәні – ажырасқаннан кейін баланың ата-анасымен қарым-қатынасын сақтау. Бала қайда оқиды, қайда оқуға түседі, оқуына ақшаны кім және қалай төлейді – осының барлығы жұбайлар арасында талқыланады және келісіледі.

%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%822

Әрине, шектеулер де бар. Ажырасу маскүнемдік, нашақорлық немесе отбасындағы зорлық-зомбылық себебінен болған кезде ортақ қамқорлық мүмкін емес.

Әлеуметтік сауалнамалар деректері бойынша, борышкерлердің 25%-ы егер балаларын жиі көруге және тәрбиесіне араласуға мүмкіндік берілсе, алименттер төлейтіндерін білдірді. Әйелдердің 60%-ы ортақ қамқорлық институтын енгізуге оң көзқарас танытты.

Сондай-ақ, неке бұзу процесіне медиатор-психологтарды тарту ұсынылды».

***

И.Меркель: Алимент төлемеушілердің басым бөлігі – бұл табысы бар және саналы түрде төлеуден қашқақтайтын адамдар

%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%823Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель: «Жағдайдың себептері жалпыға белгілі. Төлемеушілер арасында, аморалды өмір салтын ұстанатын адамдар – маскүнемдер, нашақорлар, тұрақты мекенжайлары жоқ адамдар көп. Борышкерлердің басымы, әсіресе ауылдық жерлердегі борышкерлер – жұмыссыздар» — деп атап өтті.

Дегенмен, көпшілігі – табыстары бар адамдар. Олар саналы түрде алимент төлеуден жалтарып, еңбек құжаттарын ресімдемей, жалақыны «жасырын түрде» қолма-қол алып, табыстарын төмендетіп көрсетеді.Кейбіреулері барынша алимент төлемеуге тырысады. Тіпті өз баласы мен әйелінің өміріне де қауіп төндіруден тартынбайды. Орал қаласындағы 70 жасар кәсіпкер алимент төлегісі келмей, өзінің 8 жасар қызы мен бұрынғы азаматтық некедегі әйелін өлтіру үшін киллерге 5 мың доллар төлеген. Полиция қылмыстың алдын алды, ашкөз әке мен оның сыбайласы 15 жылға сотталды».

 ***

Иоган Меркель: Алимет мөлшерін белгілеу кезінде баланың мүдделері басымды болуы тиіс

Осы туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Алименттер өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтты. «Біріншіден, алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарауды ұсынамыз. Бүгінгі күні ол борышкердің еңбекақысының үлестерінде айқындалады және балалардан гөрі әкенің мүдделері ескерілген.

«Айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін бұрыннан игерген. Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайдарды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма?

Сондықтан баланың мүдделері басымды болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мөлшеріне заңмен кепілдеме берілуі тиіс.

Борышкердің табысын да ескеруді ұсынамыз. Бірақ, тек мынадай принцип бойынша – еңбекақы қаншалықты жоғары болса, алименттердің минималды мөлшері соншалықты жоғары болуы тиіс.

***

Бас прокуратура: Қазақстанда жауапты әке институтын дамыту қажеттілігі туды

 Бас прокуратура Қазақстанда жауапты әке институтын құруды ұсынады. Бұл ұсынысты Үйлестіру кеңесінің бүгінгі өткен отырысында Бас Прокурордың бірінші орынбасары мәлімдеді.

%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%824

«Ана мен бала проблемалары туралы айта отырып, біз әке проблемаларын ұмыт қалдырдық. Отбасын жоспарлауға, әке болуға жауапсыз қараудың өзі алимент төлемеудің басты себептерінің бірі емес пе. Төлемеушілердің 97%-ы – бұл ер адамдар.

Жасөспірімді әке болуға ешкім үйретпейді, дайындамайды. Бүкіл дайындық – бұл біздің әкелеріміздің үлгісі немесе ең көп дегенде, олардың кеңестері. Ал егер әкесі жоқ болса немесе ол маскүнем, нашақор болса?  Біз бүгінгі күге дейін бұл проблеманы отбасы деңгейінде  қалдырып келдік.

Оның ауқымын ескере отырып, әке болу проблемаларын мемлекет саясатының деңгейіне шығару қажеттілігі туды», — деп атап өтті спикер.

ҚР Бас Прокуратурасының Баспасөз қызметі