Бас прокурор қарттар үйіндегі зейнеткерлер санының өскеніне наразы

 Бас Прокуратура мен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссияның бірлескен отырысында отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі талқыға салды. Бас прокурордың мәліметінше, өткен жылы қартар үйін паналаған қариялардың саны айтарлықтай артқан.

«Соңғы жылдары қарттар үйіндегі зейнеткерлердің саны 7 мыңнан 8,5 мыңға дейін артты. Өз отбасын, балалары мен немерелерін ойлап, уайым жейтін әжелерді қарттар үйіне тапсыру біздің қоғамға сай келмейді. Жастарды қарияларға құрметпен қарауға тәрбиелеу керек», – деді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Айта кетейік, бірлескен отырыс барысында елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің мәселесі де талқыға салынды. Соңғы жылдары елдегі әр үш қылмыстың біреуі тұрмыстық деңгейде орын алған.

«Қасым-ақпарат»

Qasym.kz