Бас прокурорға артылған міндет көп

Бүгін жуырда ғана тағайындалған еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов Елбасы Н.Назарбаевтың қабылдауында болды. Бұл туралы Президенттің akorda.kz ресми сайты хабарлады. Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына прокуратура органдарының қазіргі және перспективалы жоспарлары туралы, сондай-ақ елдегі құқық тәртібі мен заңдылық ахуалы туралы баяндады.

Ал, Қазақстан Президенті соңғы жылдары қабылданған заңдар қылмысқа қатысты саясатты ізгілендіруге, экономикалық қылмыстар үшін балама жазалау шараларын енгізуге бағытталғанын ерекше атады. Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, әсіресе халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу аясында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндет жүктелгенін де айтты. Кездесу соңында Бас прокурорға нақты тапсырмалар берді. 

«ЕлАна»