БАСПАНА БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, Досбол ауылында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша Ауғанбаев Жақсыбектің үйі күрделі жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.

 

Күрделі жөндеу жұмыстарына Досбол ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары демеушілік танытты.
Осы игілікті шараға аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев арнайы барып қатысты. Ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап және осындай игі істі абыроймен атқарып, ат салысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.

 

 

Өз кезегінде Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбеков Пернебек қария және Ауғанбаев Жақсыбектің анасы Хапизова Қалия апа «Асарлатып үй салу» жобасының негізгі бастамашысы облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа, осы жұмыстарды ұйымдастыруға тікелей басшылық жасаған аудан басшысына, ауылдық округ әкімдігіне және ат салысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.