БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде «Халық әл – ауқатының артуы — бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты мәселе қаралады.

Іс – шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының, қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері мен тағы басқалар қатысады.

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында Ассамблея қызметінің бірінші жартыжылдығының қорытындысы жарияланады. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы XXVIІ сессиясының стратегиясынан туындайтын келешектегі міндеттер нақтыланады.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА жұмысының негізгі бағыты-бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған атқарылатын істер бойынша қарар қабылдау жоспарланып отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерінің белсенді қатысушысы» деп атап өткен болатын.

Қосымша ақпарат бағдарламада қамтылған

БАҚ алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі