Баспасөз хатшыларының еңбегі еленді (Фото)

Бүгін ҚР Ақпарат және байланыс қызметкерлерi күнi қарсаңында әртүрлі органдардың баспасөз қызметінің қазанында қайнап, ақпарат майданында шыңдалып жүрген журналистері марапатталды. Биыл тұңғыш рет өткізілген  «2016 жылдың үздiк баспасөз қызметi» байқауын «Қазконтент» АҚ Бас редакторлар клубымен бiрiгiп, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Салтанатты рәсімге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің өкілдері, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай мен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.

IMG_0063  IMG_0093

IMG_0070  IMG_0106

Алғашқы байқауға  мемлекеттiк органдар, әкiмдiктер мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерi мен баспасөз хатшылары қатысқанын айта кету керек. 10-21 маусым аралығында өткен дауыс беруге республикалық БАҚ редакциялары қатысса, жеңімпаздар мен номинация иегерлері «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі», «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі», «Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі», «Кәсіби құрмет» аталымдары бойынша марапатқа ие болды.

Байқау нәтижесіне келсек, «Үздік орталық атқару органының баспасөз қызметі» аталымы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі жеңімпаз атанса, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі көп дауыс жинағандар қатарынан табылды.

IMG_0045Ал «Үздік жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі» аталымында Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Астана әкімдігі мен Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі ұжымдарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Сондай-ақ, «Үздік квазимемлекеттік сала компаниясының баспасөз қызметі» аталымында «ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі жеңімпаз атанса, «ҚТЖ» ҰК»АҚ мен «Бәйтерек» Холдингі мықтылар қатарынан төбе көрсетті. «Кәсіби құрмет» арнайы аталымында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Ернұр Уәлидің жұлдызы жанса, аталған номинация бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов пен ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың та еңбегі еленді.

IMG_0035Салтанатты шараның соңында «Ең оперативті баспасөз хатшысы» номинациясы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың маңдайына бұйырды. Байқау қорытындысынан кейін сөз алған Бибігүл Жексенбай алғаш рет өткізілген айтулы жарыстан ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жеңіске жеткеніне таңданысын жасырмады. Бас редакторлар клубының президенті аталмыш байқауда әлеуметтік сала, мәдениет, білім саласының баспасөз қызметкерлерінің төбе көрсетпеуі қазақ журналистикасы криминал жаңалықтармен рейтинг жинап отыр. Ал,  ұйымдастырушылар «Үздік баспасөз қызметі» байқауын жыл сайын өткізу көзделіп отыр дейді.

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ