«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ» ..
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27ө өкіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Үкіметтік емес ұйымдарына а.ж. 4 шілдесінде «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Дөңгелек үстелге мәдениет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы мен ф.ғ.к., Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері Анар Фазылжанова Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыру үшін қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудегі қажеттілігін латын графикасының ережелерін түсіндірді.
Аталған іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен жарнама беруші ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.