БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Республикалық және облыстық газеттер мен телеарналардың қызметкерлері қатысқан салтанатты шарада басқарма басшысы мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор екенін атап өтті.
– Күн санап молайып, ақпарат алмасу құралдарының сан түрі қолданысқа енгізіліп жатқанына қарамастан, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өзінің қоғамдағы орны мен құндылығын жоғалтпай, маңызды рөлге ие болып келеді. Бұл, өңірде болып жатқан саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық, тағы басқа түрлі оқиғаларды қалың бұқараға сапалы жеткізіп отыратын Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі деп білемін, — деген Ербол Жұмабекұлы БАҚ қызметкерлеріне басқарма басшысының Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы