Бастауыш сыныпта өз тілімізде ғана білім алсақ та, аштан өліп, көштен қалған жоқпыз…
Бастауыш сыныпта өз тілімізде ғана білім алсақ та, аштан өліп, көштен қалған жоқпыз. Ана тілімізде уызға жарыдық. Кешегі Кеңес тұсында да, қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, қазақша өмір сүрдік. Одақ тұсында орыс тілі үшінші сыныптан, ал ағылшын төртіншіден бастап оқытылатын. Қазір құдайға шүкір, тәуелсіз, дербес мемлекетпіз. Сондықтан бастауыштан бастап баланың басын қатырудың қажеті жоқ деген жанды пікір көптің көкейіндегі ойды дөп басып отыр.