БАСТЫ МАҚСАТ — АУДАНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние.
Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламен Мәжілісінің депутаты Тау Нұргүл Аса ауылындағы Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының жұмысымен танысты.
Спорт кешенінің мүмкіншілігі туралы орталық басшысы Бағдат Нұсқабеков жан-жақты айтып өтті.
Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту жұмыстарын белсенді жүргізу керектігін айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Сапар аясында аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Құтжан бірге жүрді
Жамбыл ауданы әкімдігі