Басты мақсат — халықты жұмыспен қамту
Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы басқармасы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының» шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде микрокредит беру және кепілдік беру жұмысын іске асыруда. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен 1 185,4 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді. Бюджеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес микрокредит қаражаты 123 бизнес жобасына, оның ішінде 25 стартап жобаны енгізуге бағытталған.
Қаражат бағдарлама ператорларының арасында келесі тәртіп бойынша бөлінді:
«АШҚҚҚ» АҚ ЗҚ — 711,2 млн. теңге (60 %);
«АНК» АҚ ЗҚ — 474,2 млн. теңге (40 %).
Республикалық бюджеттен қосымша 600 млн. теңге бөлінді, ол тағы да 62 жобаны, оның ішінде зәкірлі ауыл шаруашылығы кооперативін құруға және бар бизнесті кеңейтуге, микробизнесті ашуға арналған 12 жобаны қамтуға мүмкіндік береді.
Аталмыш бағдарлама бойынша 2018 жылға республикалық бюджеттен барлығы 185 жобаны, оның ішінде 37 стартап жобасын микрокредиттеуге 1 785 млн. теңге қарастырылған.
2018 жылдың 18 тамызына дейін операторлар 471,6 млн.теңгеге (39,7% игерілді) 112 жобаны қаржыландырған, 182 жұмыс орны ашылған.
31 техника және технологиялық құрылғылар бірлігі, 791 бас ІҚМ, 317 бас жылқы, 504 бас қой мен шошқа сатып алынды.
Бұдан бөлек, ауылдағы кішігірім бизнесті дамытуды қолдау құралы ретінде аймақта «КазАгроГарант» АҚ ЗҚ-ның микрокредиттерін кепілдендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараны орындау мақсатында басқарма операторға 63,5 млн. теңге(барлық қаражаттың 50%) аударған.
Бүгінгі күнге дейін 9 млн.теңге сомасына 5 кепілдік берілген, бұл 29,7 млн. теңге сомасындағы кредитті кепілдендіруге мүмкіндік береді.
Өз тілішімізден