Басты мақсат-құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Екі аптада маған қабылдауға 21 адам келді. Олардың арасында облыс орталығының, Шу және Жамбыл аудандарының тұрғындары да бар. Олар өздерінің мәселелерімен қатар, құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жақсарту бойынша да ұсыныстарын айтты.
Өтініштердің көбісі алаяқтық және ұрлық деректеріне қатысты болды.
Кездесуге қатысқан басқарма басшыларына әрбір өтініш бойынша нақты тапсырмалар берілді. Екі күннен кейін олар маған қабылданған шаралар туралы баяндайтын болады. Кейбір сұрақтар қосымша зерделеуді талап етеді.