Басты міндет – экономиканың белсенді дамуын қамтамасыз ету

Әлемдік өзгерістерге орай болашақта атқарылуға тиіс міндеттерді белгілеуде 2018 жыл Қазақстан үшін маңызды жыл болды. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекетіміз бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етті. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргізді. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Халық саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Елбасы жолдауларынан туындайтын мәселелерді түсіндіру, талқылау оның жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық  түсіндіру жұмыстары бүткіл Қазақстан аумағында, соның ішінде Шу ауданында өткізілді.      

     «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу» туралы  №190 жарлығына сәйкес, аудан бойынша ауыл, ауылдық округ әкімдері есеп беру кездесулерін өткізді. Шу ауданында 2019 жылға арналған индикатор жоспары бойынша 144-индикатор қаралып 129 бекітілді.Облыс әкімі және аудан әкімі арасында 2019 жылы 28 индикатор қаралыпүшінші тоқсанда 24 индикатор жоспарланды.

1.Құрылыс жұмыстарының көлемі  10 миллиард 213,5 миллион  теңгеге жоспарланса, орындалуы 8 миллирад 699,3 млн теңгені межеледі. ІІІ-тоқсанның жоспары14 миллиард 846,9 миллион  теңгеге  орындау көзделуде.

2.100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендетуге  күш салынуда.  ІІІ-тоқсанның жоспары 4адам.

3.Нәресте өлімін төмендету  жеті айда 8,3 пайыз болып отыр, (2019 жылы 1205 бала дүниеге келсе қайтыс болғаны 10-бала) ІІІ-тоқсан мен  жылдық жоспар 4,6 пайыз.

Облыс әкімі басқармалары және аудан әкімдігінің бөлімдері арасындағы келісімдерге 2019 жылы116 индикатор жоспарланып үшінші тоқсанда 59 индикатор жоспарлануда.

Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауда  атқарушы биліктің мемлекеттік органдары үшін басты міндеттер экономиканың белсенді дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғаудың толыққанды шараларын қолдану, осының барлығының негізінде қоғамдық – саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады.