БАТЫР АНА БАТАСЫН БЕРДІ!
Шу ауданы әкімі Сәкен Арубаев 8 — наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Төле би ауылында тұратын «Еңбек ардагері», «Батыр ана» атанған Абраманова Фарида ананың шаңырағында болып мерекелік құттықтауын жеткізді. Өмірге 9 бала әкеліп, білім саласында еңбек еткен Фарида апамыз қазіргі таңда 30 немере, 20 шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Сондай-ақ Белбасар ауылында тұратын «Батыр ана» Таятаева Айдай апамызды да құттықтап шықты. 10 құрсақ көтеріп дүниеге нәресте әкелген Айдай апамыздың ұлы Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан, құрсағы алтын әжеміз қазіргі таңда ұлды ұяға, қызды қияға қондырған. Елі үшін аянбай еңбек етіп «Еңбек ардагері», «Батыр ана» атанған, қазіргі таңда еңбегінің зейтентін көріп отырған батыр аналар ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.
Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі