Батыр бабам Махамбет

Махамбетім, жұртыңның батыры едің,

Қазағыңның жанына жақыны едің.

Бүтіндігін жеріңнің сақтап қалдың,

Сенің арқаң көркейіп жатыр елің.

 

Туа батыр намысқа ерте келген,

Жауын көрсе жалындап өршеленген.

Исатай жолдасымен топ бастаған,

Бірге болам деп еді өлсем елмен.

 

Жырау, күйші, көтеріліс бастаушы,

Ордаң Бөкей, жалынды жыр растаушы.

Шашақты найза, шалқар күйлі дарыным,

Болашаққа сенім мен ой тастаушы.

 

Елім деген ерен ұл, батырымсың,

Еліңе жол көрсеткен ақылың шың.

Сөзі шешен, тілі жүйрік дауылпазым,

Бағаланды жасаған батыл ісің.

 

Найзалап, жауларыңды қылыштадың,

Туымды түсірмедің тік ұстадың.

Жәңгір қинап түрмеге  тықсадағы,

Санасыз патша отарын дұрыстадың.

 

Нарындағы нар тұлғалы батырым,

Халқы үшін қыйды жанын батылым.

Күйіменен тебірентіп  барлығын,

Ашуға ермей тік көтерген ақылың.

 

Ерлерімді еске аламын, ойланамын,

Өр мінезін, өжет жанын бойға аламын.

Қызғыш құсқа шер төгіп, мұңын айтқан,

Мұнар күнде туылған ер тарланым.

 

Ақшаға, алтынғада құнықпаған,

Жерін қорғап, ел-жұртын ұлықтаған.

Жәңгірге құл болмайтын Махамбетім,

Алланың құлы екенін ұмытпаған.

 

Мұхаметкерім Арайлым, Жамбыл облысы, Шу ауданы,  Жайсан орта мектебінің 10-сынып оқушысы  

Жетекшісі: Нуралиева Гулнур