Батыр Бауыржанның ерлігі ұмытылмақ емес

24 желтоқсан күні Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик, жерлесіміз Бауыржан Момышұлының туғанына — 112 жыл толады.

⚜️Бауыржан Момышұлы — тарихта, әскери педагогикада артына мол мұра қалдырған батыр. Осы кісінің өмірі бәрімізге үлгі болуы керек.

Батыр Бауыржан Момышұлы өшпес ерлігімен, азаматтық дара қалпымен, ұлтжандылығымен, намыстылығымен халқымыздың орынды мақтанышына айналған ұлы тұлға. Оның есімі ерлік пен өрліктің символы ретінде халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.


⚜️Осыған орай, бүгін батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мұртаза Жалғас, Жуалы ауданының әкімі