Батырды састырған бала
Жайықтың жағасын, жағалай шыққан күрең бесті жорға, алты күннен бері ауыздығымен алысып келе жатыр. Күміс жүгеннің, темір сулығынан атқылаған ақ көбік, аттың сауырын жуып кеткен. Жарықтық, күрең бесті, белді ат, шашасына шаң жұқтырмайтын, су жорға. Белді ат болмаса, он пұттан асатын Сырымды көтере алар ма?-еді жануар.
Бетке алған, майлы қиян Маңғыстаудың да шеті көрінді. Ауылдың түзу шыққан түтіні, алыстан көзге ілінеді. Батыр Сырымның, келе жатқан бірақ шаруасы бар. Бір атадан туған, екі елдің арасында, бітімге келе қоймаған, ескі дау бар. Бүкіл елді даурықтырмай, өзінің салт келе жатқаныда сондықтан.
Көргенсіздің баласындай, ауылдың ішін шаңдатпайын-деп атын мама ағашқа байлап,ауылға жаяу бет алды. Шілігір шілденің ыстығында, құдықтың басында бес-алты жасар, тоғыз бала топай ойнап жатыр екен. Жалаң аяқ, жалаң бас, кекілдері күнге шағылысып, ойынның қызығына әбден кірісіп кетіпті.
Әй, балалар! Айтып жібермейсіңдер ме? Ауылдарыңдағы үлкен ақсақалдарыңның үйі қайсы? Ассалаумағалейкүм аға! Соныда білмейсіз бе? Анау аузыңыздағы сақал-мұртыңызды күнге ағартқансыз ба? Ауылдың ең үлкен ақсақалының үйі, ауылдың төрінде болмайтын ба еді-деп. Сұқ саусағымен, ауылдың ортасындағы, он екі қанат ақ киіз үйді көрсетті-дейді күнге күйген, қара бала.
Жейдесінің жағасы жалбыраған, жас баланың жұлып алғандай жауабы Сырым батырды тәнті қылады. Әй, мынаны мен бала ма?-десем ат басындай алтын ғой шіркін — деп батыр, балаға таң қалысын, жасыра алмайды. Әкеміз нұрдан, шешеміз будан болғанда, ат басындай алтын болмай, не бопты бізге -деп. Кекілді, қара баланың сөзі өршіп бара жатыр дейді.
Бесіктен белі шықпаған, жас баланың жұлымыр мінезін жақтырмаған батыр. Дегенмен бала басыңда шот басындай мінің бар екен — десе. Ау, көке! Қараңғының ісі қапырық деген. Әкем мені, түнде отбасында жасағанда. Шот басындай мін, кетсе кеткен шығар, қайдан білейін -деп қара бала, қаймықпай сөйлеп, қарап отыр-дейді.
Адайдың алты жасар баласы аузымды жапты, алпыстағы ақсақалы аузымды аштырмас, құрсын. Не де болса, есің барда еліңді тап — деген. Ақылымнан адаспай тұрғанда, ауылымды табайын-деп батыр ауылға кірместен, атына мініп, еліне аттанып кетіпті.
“Болам деген баланың, бетінен қақпа, белін бу”-дегендей. Сол алты жасар бала өсе келе, елінде, асу бермес белге, туғаны жоқ, турасы бар биге айналыпты. Жеменейде Сынабай, билігі қаққан сынадай-деген сөз содан қалған екен.
Осы оқиғаны, үйіне сәлем бере барғанда, бүгінгі Алаштың Айтманы, Светқали Нұржанов ағам айтып беріп еді.
Қазақ үшін сөздің құдіреті, алтыннан да қымбат. Ал сөзге тоқтаудың — құны жоқ. Ұшқан құстың қанаты талатын, Алтаймен Атыраудың арасын мекен еткен халық, осы сөзге тоқтау-деген үрдісті, елдің тұрақтылы үшін, жақсы ұстанған. Сөзге тоқтау, елдегі бейбітшілікпен, тұрақтылықтың кепілі.
Бүгінгі таңда, елдің тұрақтылығымен, бірлігін сақтауда, СӨЗГЕ ТОҚТАУ — деген қасиетті, еңбектеген баладан, еңкиген кәріге дейін бойымызға сіңірмесек, болашақта елдің берекесін ұстап қалу, біздерге оңайға соқпайды.
Біз кім болсақта, “БОЛ”-дегенге болдыра салатын құдай емеспіз. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз “СӨЗ”-деген құдіреттің, қасиетін халыққа қолданған. Орынымен, аталы сөзін айтса, ат-шапан айыбын беріп, әкесінің құнын кешірген.
“Әлемде жетпіс екі тіл бар. Қасиеттісі құран түскен араб тілі. Онан соң қазақ тілі. Ғылым да, білім де, ар да, абырой да, бірлік те, тірлік те осы тілде”-деп әулие Мәшһүр Жүсіп бекер айтпаған.
Неміз кетеді, әулиенің айтқан сөзін тексеріп көрейік. Ол үшін өз тілімізде ойлап, оз тілімізде бір-бірімізбен сөйлесіп жүрейік. Нәтиежесін уақыт көрсетер. Қайда асығамыз?
Марат Сқақовтың
фейсбук парақшасынан