Батырдың басын «өтпейтін кетпенмен шапқан»
«Өтпейтін кетпенмен шапқаны бас сүйектен көрініп тұр»
Кейкі батырдың басын Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан алып келуге барған ғалым Нұрсан Әлімбай бас сүйектегі қанды оқиғаның іздері туралы әңгімелеп берді. Ал тарихшы Қайдар Алдажұманов «Ресей қоймаларында қазақтың талай құндылықтары жатқанын» айтады.
Кейкі — 1916 жылы Торғай өңірінде болған қазақтардың Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі батырларының бірі. Кей деректерге қарағанда, 1919 жылы көтеріліс басшысы Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін совет билігі Кейкіні қуғындай бастаған. Қазақ даласында бой тасалап жүрген батыр 1923 жылы ұсталады. Батырдың шабылған басы Ресейге жөнелтілген.
Батырдың басын «өтпейтін кетпенмен шапқан»
«КЕТПЕНМЕН ШАПҚАН»
Кейкі батырдың бас сүйегін Санкт-Петербург қаласынан алып келген топтың ішінде болған Алматыдағы орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлімбай қазанның 6-сы Азаттық тілшісіне «сағат түнгі үште Астанаға ұшақпен әкелдік. Бас сүйектің барлық бөліктері бар, қалпына келтіруге болады» деді. Ғалымның айтуынша, «Кейкі батырдың бас сүйегінде 1923 жылғы қанды оқиға іздері анық көрініп жатыр».
Алматыдағы орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлімбай.
Алматыдағы орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлімбай.
— Кез келген музей түскен бұйымның паспортын жасайды. Қайдан келгені, кімдікі екені, қалай келгені, пошымы, мөлшері жазылады. Бастың өзінде жазылған сұмдық қанды оқиғаның ізі де көрініп тұр. Тізерлетіп қойып, кетпенмен мойнынан шапқан. Оң жақ бетін шауып түсірген. Өтпейтін кетпенмен бірнеше рет шабу деген сұмдық қой. Енді оны айта алмаймын, қарау да өте ауыр. Кетпен ізі бірнеше жерде бар, — дейді Нұрсан Әлімбай.
Ғалымның сөзіне қарағанда, совет солдаттары Кейкі батырдың «ішінде баласы бар әйелін және кішкене баласын да өлтірген». Нұрсан Әлімбай «батырдың басын, бір деректе бір жыл, бір деректерде — алты, бір деректерде үш ай» Арқалық қаласының қақ ортасында үлкен бақанға іліп қойғанын айтады. Бірақ бас сүйектің қашан, қалай әкетілгені белгісіз…
Рахат МАМЫРБЕК