Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы анықталды

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.

Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын алу шараларын қолдануға шақырды.

Атап айтқанда:

  • үй-жайларды желдету;
  • адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
  • науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;
  • Балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;
  • Егер жағдай нашарласа, медицина көмегіне жүгіну керек.

 Stan.kz