Баукеңнен қалған ұлы сөз…

Маған баяғыда бір студент: «Сіз кімнен өнеге аласыз?» — деп сұрақ қойғанда, «Мен қорқақтардан, қаңғыбастардан, маскүнемдерден, өмірде қателескен, жолы болмаған жандардан өнеге алам» — деп жауап бергем. Əлгі студент таң қалып:
— Мұныңыз қалай? Өнегені жақсы адамдардан алу керек емес пе? — деді қайта сұрақ беріп.
«- Қорқақтар да, қаңғыбастар мен маскүнемдер де дүниеге мен сияқты, сен сияқты пəк күйінде келген. Кейін олар өмірдің қиыншылығымен күресе алмады.
Содан тасқа соғылған шөлмекке ұқсап быт — шыты шықты. «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында» деген қазақта аталы сөз бар. Ең оңай нəрсе — жамандық, оған жету үшін көп ойланудың, көп күш жұмсаудың қажеті шамалы.
Жаман жолға түсу де оңай. Олар сол оңай жолмен кетті. Мен адаспас үшін олардың қателіктерінен де өнеге алам»

Бауыржан Момышұлы.