Бауың берік болсын

Біз кішкентай сәби келгенде неліктен бауы берік болсын деп айтамыз? Осы сөздің мағынасына ұңілсем өте терең екен…*_
Адам дүниеге келгенде Алламен оның арасын байланыстыратын бау болады екен. Біздің қазақ сол бауың берік болсын деп айтады екен ғой.
Құранның бірнеше жерінде де: “Алланың жібіне (шариғатына) жақсылап жабысыңдар” делінген.
Құранда адамды “Инсан” дейді. Мағынасы, ұмытшақ дегенге саяды. Күйбелең тіршіліктің соңынан қуып, Алламен байланысымызды үзіп алатын кездер болады.
Сол себепті қазақ бала дүниеге келгенде, “Құлыншағым,шариғатқа мықтап байлан! Бауың берік болсын!” деп дұға еткен екен ғой. Қызық,иә?!

Абибуллаев Диас Сатдарұлы